ҚР Премьер-Министрі "РТЖ" ААҚ бас директоры Олег Белозеровпен кездесу өткізді

616

Тараптар теміржол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады. 

ҚР Премьер-Министрі "РТЖ" ААҚ бас директоры Олег Белозеровпен кездесу өткізді

Кездесу барысында "Бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы" АҚ ("БКЛК ЕРА") одан әрі дамыту перспективалары қаралды, деп  inbusiness.kz  primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Аталған интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы "Қытай – Еуропа" бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Темір жолдарды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемдерін арттыру – біз үшін өте маңызды және басым міндеттер", — деді А. Мамин.

2020 жылы пандемияға қарамастан, "Қытай – Еуропа" бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 65%-ға артық. Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 млн тоннадан асты.

Биылғы жылдың I тоқсанында екі ел арасындағы контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті. Кездесуге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу