ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

750

2021 жылғы 21-22 шілдеде ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, оның барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.  

 ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды

Үкімет басшысы "Ақтөбе" индустриялық аймағында орналасқан "Зерде-Керамика Ақтөбе" ЖШС зауытын аралады. Кәсіпорынның қуаты – жылына 5 млн м² керамогранит пен керамикалық плитка. Жобаға салынған инвестиция көлемі 9,2 млрд теңгені құрайды, оны осы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.

Кәсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылды. А. Мамин өндірістік қуаты жылына 122 рентген аппараты мен кешенін құрайтын "Ақтөберентген" АҚ зауытының жұмысымен танысты. Өнімнің бір бөлігі Ресейге, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Қырғызстанға экспортталады. Биыл мемлекеттік қолдау шараларымен Ақтөбе облысының 3,3 мыңнан астам ШОБ субъектісі қамтылады. Үкімет басшысы "ПО Глобал-Спецодежда" ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты, онда 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 1,2 млн-ға дейін өнім шығарады.

Арнайы киімдердің, қорғаныш құралдарының, арнайы киімдерді шығаруға арналған жылытқыштардың кең номенклатурасының өндірісі жолға қойылған.

Премьер-Министр өңірдің энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді. А. Мамин "Ақтөбе ЖЭО" АҚ-ға барды, онда қазіргі уақытта кәдеге жаратушы қазандығы бар, қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру станцияның қуатын 175 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды 2021 жылғы желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Қарғалы ауданының Бадамша кентінде Асқар Мамин "Arm Wind" ЖШС жел электр станциясының жұмысымен танысты. Қазіргі уақытта жел электр станциясының екінші кезегінің құрылысы жүргізілуде. Станция жыл сайын сағатына 100 МВт электр энергиясын өндіретін болады. Инвестиция көлемі $85 млн құрайды, аяқтау мерзімі – биылғы жылдың қыркүйек айы.

Асқар Мамин "Ақтөбе – Атырау – Астрахань" республикалық автожолын реконструкциялау барысын тексерді. Биыл "Ақтөбе – Қандыағаш" учаскесінде жол қозғалысы ашылады, "Қандыағаш – Мақат" автожолының учаскесі осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Премьер-Министр тас жолды қайта жаңарту жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Үкімет басшысы Ақтөбе қаласындағы "Батыс-2" шағын ауданының салыну барысымен танысты, оның құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Шағын ауданның жалпы аумағы 535 га құрайды. Биыл өңірде 1 млн м² астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Мәртөк ауданында Асқар Мамин "Мilker" ЖШС жем-шөп түйіршіктерін өндіру зауытын аралады. Инвестициялық жобаның құны 700 млн теңгені құрайды, кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына жоңышқа пішенінен 12 мың тонна түйіршіктелген құрама жем. Дайын өнім Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де, атап айтқанда, Қытайда, Ресейде, Иранда және Біріккен Араб Әмірліктерінде зор сұранысқа ие.

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Ақтөбе облысының балық саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы таныстырылды. 10 жыл ішінде салаға 37 млрд теңге жеке инвестиция тарту, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, шаруашылықтар санын 72 субъектіге дейін арттыру жоспарланған. "Green Capital Kazakhstan" ЖШС жылыжай кешенін аралау барысында Премьер-Министрге жылыжай өнімдерін өндіру бойынша қазіргі жағдай және осы саланы одан әрі дамыту перспективасы таныстырылды.

Соңғы үш жылда Ақтөбе облысында 8 жаңа жылыжай іске қосылды. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 17 млрд теңге болатын тағы екі ірі жобаны іске асыру көзделген. Бұл жылыжай өнімдерін өндіру көлемінің 40%-ға өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға – 997,2 млрд теңгеге дейін өсті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 116,9 млрд теңгені (+2,6%), құрылыс жұмыстарының көлемі – 76,9 млрд теңгені (+5,4%) құрады, 366,5 мың шаршы метр тұрғын үй (+4,1%) пайдалануға берілді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,9% құрады, 292,8 млрд теңге тартылды. 2021 жылдың соңына дейін 125,7 млрд теңге сомасына 31 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу