Бірқатар БАҚ өкілдері Қырғызстан Республикасының премьер-министрі С.Исаковтың 2017 жылғы 11 қазанда Facebook-тегі жеке парақшасында жарияланған жазбаға қатысты сұраулар түсірді. С.Исаков өз жазбасында Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасында болған оқиғаға байланысты келіссөз жүргізгенін хабарлаған болатын. Осыған байланысты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
"С. Исаков мырзаның жеке Facebook парақшасында орналастырылған фотосуретте расталғандай, оның біздің елбасымызға жақындап келуі ғана орын алды.
Екіншіден, Қазақстан президентінің "шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан үкіметіне тапсырма бергендігі" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Ақиқатында, үкіметке аталған мәселе бойынша үкіметаралық консультация өткізу туралы тапсырма берілді.
Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ-та хабарланғандай, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық ІІМ, мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау комитеттерімен бірлесе отырып, еліміздің мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақстандық-қырғыз аумағында да жоспарлы шекара операциясын жүргізуде" - делінген мәлімдемеде.