ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Үкімет аппараты болып қайта құрылды

542

“ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі”мемлекеттік мекемесі “ҚР Үкіметінің Аппараты” мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Үкімет аппараты болып қайта құрылды

Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды.

“Үкімет Аппараты:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін”, - деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу