Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы деп жариялау туралы шешімімді айттым. Бұл – өткен жолымызды зерделеуге жақсы мүмкіндік. Мерейтой саяси-экономикалық реформалар, цифрландыру, балалар мен мүгедектердің құқығын қорғау, экология мәселесін шешу аясында өтеді", – деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу