ҚР Президенті Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады

875

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ERG компаниялар тобының акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.  

ҚР Президенті Александр Машкевич пен Патох Шодиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тау-кен металлургиялық корпорациясының 2020 жылғы қаржылық және өндірістік қызметінің нәтижелері мен биылғы бірінші тоқсандағы жұмысы жайында баяндалды.

Александр Машкевич пен Патох Шодиев Еуразиялық топ кәсіпорындарының жүзеге асырып жатқан инвестициялық және әлеуметтік жобалары жайында айтты. ERG компаниялар тобы Қазақстанда жұмыс істеген 25 жыл ішінде өндіріске 13 миллиард доллардан астам инвестиция салған, ал, әлеуметтік бағытқа 1 миллиард доллардан аса қаржы жұмсаған. Былтырғы жылдың қортындысы бойынша кәсіпорын 221 миллиард теңге салық төлеген.

Александр Машкевич пен Патох Шодиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндіріс нысандарында COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге қатысты қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ, корпорацияның пандемиямен күреске қосқан үлесі жайында мәлімет берді. ERG компаниялар тобы індетпен күреске 5,6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Аталған қаржы компания жұмыс істеп жатқан өңірлерге дәрі-дәрмек сатып алуға, ауруханаларды қажетті құралдармен жабдықтауға жұмсалды. Бүгінде кәсіпорын қызметкерлері ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе салдырып жатыр.

Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы талқыланды. ERG компаниясы жуық арада жалпы сомасы 5,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы жобаларда қазақстандық мазмұнның көлемін және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, белгіленген жоспарларды өте қысқа мерзімде және барынша тиімді орындауға шақырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу