Мемлекет басшысының өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
ҚР Президенті кеңсесінің бастығы М. Қасымбеков Архив ұжымына жаңадан тағайындалған директорды таныстырып, жұмысына зор жетістіктер мен табыстар тіледі.
Жәмила Әбдіқадырова Президент архивінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қатардағы маманнан директордың орынбасарына дейінгі барлық қызмет сатысынан өтті.
Сондай-ақ, М. Қасымбеков ҚР Президенті әкімшілігінің басшылығы атынан Архивтің бұрынғы директоры Борис Әликенұлы Жапаровқа мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін алғыс білдіріп, оған ведомстволық марапат — "Мінсіз қызметі үшін" төсбелгісін табыс етті.