Мемлекет басшысы қорғанысты және әскери қызметті, әскери қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Бұдан бөлек, ҚР президенті "1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы теміржол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сонымен қатар "Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 және 6-дәліздерін қосатын "Ақтобе – Мақат" автомобиль жолын реконструкциялау жөніндегі жоба) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойылды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы "2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар" тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015-2016 жылдары іске асыру туралы келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.