ҚР Президенті саяси форумда сөз сөйледі

1001

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барды.

ҚР Президенті саяси форумда сөз сөйледі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен жоғары деңгейдегі саяси Форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейінгі тұрақты даму бағытындағы Күн тәртібінің әлеуметтік, технологиялық және экономикалық прогрестен барлығы бірдей пайда көретін Болашақтың жол картасы іспеттес екендігін атап өтті.

Мемлекет басшысының сөзінше, Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың Тұрақты даму мақсаттарының жетістіктеріне ілесе алмай келе жатқандығы жөніндегі халықаралық деңгейдегі алаңдаушылықты жақсы түсінеді.

Осы себепті Президент нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін алдағы онжылдықта көбірек қимылдау керектігін атап өтті.

Нью-Йоркте Қ.Тоқаев АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен кездесті. Солардың бірі "Bloomberg" компаниясының жетекшісі Майкл Блумберг.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу