ҚР Президенті География және су қауіпсіздігі институтының басқарма төрағасын қабылдады

565

Мемлекет басшысы "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

ҚР Президенті География және су қауіпсіздігі институтының басқарма төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндалды.

Ахметқал Медеу Президентке институттың су қауіпсіздігін, табиғи қатерлерді, экология мен картография бағыттарындағы зерттеу жұмыстары туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Арал теңізі, Сырдария және Жайық өзендері, сондай-ақ, басқа да бірқатар су қоймаларына қатысты проблемаларды шешу жолында су қауіпсіздігін зерттеу мәселесінің маңызды екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу