ҚР Президенті Илон Масктың жаңа платформасына инвестиция салуға үндеді ме?

Мамандар мұны жоққа шығарды.  

ҚР Президенті Илон Масктың жаңа платформасына инвестиция салуға үндеді ме? Фото: stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео таратылып жатыр. Бұл жалған ақпарат, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

"Видеоны дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтадық. Ірі қазақстандық және ағылшын тілді БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпараттар жоқ. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында да жазылмаған. Желіде Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы жарияланымдар көп. Олардың бәрінда ақпараттың жалған екендігі айтылған. Илон Маск пассивті табыс табу үшін платформа жасаған жоқ, ал мұндай стартаптарға ақша салуға үндеу – кибер алаяқтардың ісі болып табылады.
Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн", – деп жазылған хабарламада.

ҚР Президентінің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу