ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіруге қатысты заңнамаға өзгеріс енгізетін Заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген Ақорда сайтында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу