ҚР Президенті қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай видеобақылау орнатуды жүктеді

894

Қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай бейнебақылау орнатылуы қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ҚР Президенті қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай видеобақылау орнатуды жүктеді

"Бас прокуратураның басшылығымен өткен кеңесте азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде бірқатар міндет қойдым. Тергеу барысындағы заң бұзушылықтарды түбегейлі жою керек. Қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай бейнебақылау орнатылуы қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті ҚР Бас прокуратурасының басшылық құрамымен кеңес өткізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу