Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп атауды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін парламенттің бірлескен отырысында айтты.
Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР президенті өкілеттігін қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігі, омырауға тағатын белгісі және байрағы, "Алтын қыран" ордені тапсырылды.
Дәл қазір Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттің бірлескен отырысында сөз сөйлеуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу