ҚР Президенті: Қазақстан үшін экотуризмді дамыту аса маңызды

1145

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Дүниежүзілік туризм ұйымымен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін мәлімдеді.  

ҚР Президенті: Қазақстан үшін экотуризмді дамыту аса маңызды

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған "Ақылды қалалар, ақылды мекендер" ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

"Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының Сегізінші ғаламдық саммитін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан, біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз", – деді Қазақстан Президенті.

Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу