ҚР Президенті Кувейт Әмірінің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

696

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахтың өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.  

ҚР Президенті Кувейт Әмірінің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт мемлекетінің әмірі Шейх Наууаф әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.  

"Шейх Сабах парасатты да көреген саясаткер, бейбітсүйгіш бітімгер ретінде әлемге танымал болып, оның аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алғаны кеңінен мәлім. Бауырыңызды Біріккен Ұлттар Ұйымы "Гуманитарлық көсем" деп тануы да осының айқын дәлелі екені сөзсіз. Қазақстандықтардың жадында шейх Сабахтың есімі Қазақстан мен Кувейттің берік достығы мен сан қырлы ынтымақтастығын дамытуға сүбелі үлес қосқан қайраткер, Отанын шексіз сүйген азамат ретінде мәңгі сақталады. Қаралы сәтте Сізге және әулетіңізге, сондай-ақ барша отандастарыңызға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу