ҚР Президенті Н.Назарбаев: Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс

1398

ҚР Президенті Н.Назарбаев: Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи достық және тығыз ынтымақтастық байланыстырып отырғанын атап өтті.

"Елдеріңіз біздің жақын көршіміз әрі серіктесіміз болып саналады. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе болмауға тиіс және қарым-қатынасымыз басқаларға үлгі болуы керек. Әлемдегі күрделі экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бірге болуымыз қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның өзара іс-қимылының басты бағыттары және екі елдің бірлескен жұмысының алдағы перспективалы салалары талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Э.Абдылдаев Қырғызстан Президенті А.Атамбаевтың сәлемін жеткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу