ҚР Президенті Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады

899

Ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысады.  

ҚР Президенті Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысына қатысады

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылмақ.

Сондай-ақ еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу