Еркежан Күнтуған Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2023 жылдың қаңтарынан бері Jibek Joly телеарнасының директоры қызметін атқарып келді, ал оған дейін Президент Телерадиокешенінде креативті директор болды.
Әр жылдары Atameken Business телеарнасында атқарушы продюсер, "Евразия" телеарнасында креативті продюсер болып қызмет атқарған.
Еркежан Күнтуған бұл лауазымында ҚР Президенті Телерадиокешені қызметінің негізгі бағыттарын үйлестіруге атсалысады. Оған телевизиялық контентті дамыту, ақпараттық және шығармашылық жобаларды іске асыру, сондай-ақ өндірістік үдерістерді жетілдіру кіреді.