ҚР Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министріне көңіл айтты

702

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.  

ҚР Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министріне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсонға анасы Шарлотта Джонсон Уоллдың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Жоғары Мәртебелі Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға байланысты көңіл айтамын. Миссис Джонсон Уолл аса көрнекті тұлға болатын. Ол өзінің тамаша туындыларымен Біріккен Патшалықта және одан тыс жерлерде заманауи өнердің дамуына, ілгерілеуіне елеулі үлес қосты. Аяулы анаңыз жайлы жақсы естеліктер оны білетін адамдардың жүректерінде және жадыларында сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу