ҚР Президенті Владимир Путинге көңіл айтты

749

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласындағы гимназияда ресейлік оқушылардың қаза табуына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.  

ҚР Президенті Владимир Путинге көңіл айтты

 "Осынау қиын-қыстау сәтте балалары қайтыс болған отбасылардың ауыр қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, бүгін, 11 мамырда Ресейдің Қазан қаласындағы №175 мектеп-гимназияда белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам ауруханаларға жеткізілген еді. Соңғы мәлімет бойынша, қаза болғандар саны 9-ға жетті. Бұл туралы ел президенті Рустам Минниханов хабарлады. Татарстанда 12 мамыр Аза тұту күні болып жарияланды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу