Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу