ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы басталды

1841

Кеңестің негізгі мақсаты – үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, саяси партиялар, азаматтық сектор өкілдерімен мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар жасап, кеңесу.     

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы басталды

 

Отырысқа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төрағасы – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, төраға орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев, ал хатшысы – Президент кеңесшісі Ерлан Қарин.

Ұлттық Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз лауазымдарына сәйкес кіреді. Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңеске республикалық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ өзге де елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялар, үкіметтік емес адамдар енгізілді.

Алғашқы сөзді ҚР Президенті бастап, саяси реформалар туралы айтты. "Реформаларды үшін реформа жасау – дағдарысқа әкеледі. Бүгін осы реформа қоғамды дамыту үшін қажет, бүгін осыны талқылаймыз", - деді Президент.

"Менің Президент ретіндегі міндетім жастарға жол ашу, оларға білім берім беріп, мемлекеттік жоғары лауазымды істерге тарту", - деді Мемлекет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу