Президенттің алдағы күндері жұмыс сапарымен қайда баратыны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақорданың желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
2023 жылдың 23 қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минскіде өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Содан кейін, 24 қараша күні Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу