ҚР Президентіне Алматыда қашықтан оқытуды ұйымдастыру жайы баяндалды

651

Алматыда жұмыс сапарымен жүрген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпфункционалды "SEN" музыкалық орталығында барды.  

ҚР Президентіне Алматыда қашықтан оқытуды ұйымдастыру жайы баяндалды

Орталықты аралап көру барысында Қазақстан Президентіне мегаполистегі қосымша білім беру инфрақұрылымын дамыту, сапасын күшейту және оған баратын балалардың санын көбейту ісі жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Жуырда Алматы қаласында екі көпсалалы оқушылар сарайын, бірнеше дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мектептен тыс ұйымдар жаңғыртылады және спорт алаңдары қайта жөндеуден өткізіледі.

Мемлекет басшысына оқушылардың қашықтан сапалы оқуын және кезекші сыныптарды ұйымдастыру, сондай-ақ, мұқтаж оқушыларды планшетпен, ноутбукпен және компьютермен қамтамасыз ету жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев көпфункционалды орталықтың жұмысымен танысып, заманауи, кәсіби музыкалық құрылғылармен жабдықталған дыбыс жазатын студиялар мен оқу сыныптарын аралап көрді. Орталықтың ғимараты шу естіртпейтін арнайы материалдардан жасалған.

Қазіргі уақытта жеке білім беру мекемесінде жас дарынды оқушыларға 20 педагог дәріс жүргізуде.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу