Астанада ҚР президентінің "Алтын сапа" сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды atameken.kz.
Биыл үздік кәсіпорын атағы үшін шағын, орта және ірі бизнестің 182 үміткер сайысқа түсті. Лауреаттар төрт номинация бойынша анықталды: "Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын", "Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын", "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" және "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын".
"Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын" номинациясы бойынша "Алтын Сапа – 2018" байқауының лауреаттары:
– Ірі кәсіпкерлік субъектілері: "СемАз" ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы);
– Орта кәсіпкерлік субъектілері: "ALUGAL" ЖШС (Алматы облысы);
– Шағын кәсіпкерлік субъектілері: "Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы" ЖШС (Батыс Қазақстан облысы);
"Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын":
– Ірі кәсіпкерлік субъектілері: "Радуга" ЖШС (Солтүстік Қазақстан облысы);
– Орта кәсіпкерлік субъектілері: "Бал Текстиль" ЖШС (Түркістан облысы);
– Шағын кәсіпкерлік субъектілері: "Novacom Technology" ЖШС (Жамбыл облысы);
"Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын":
– Ірі кәсіпкерлік субъектілері: "МЫРЗА-ХАН" ЖШС (Астана);
– Орта кәсіпкерлік субъектілері: "Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы" ЖШС (Астана);
– Шағын кәсіпкерлік субъектілері: "БиКаДа" ЖШС (Маңғыстау облысы);
"Азық-түлік және / немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын":
– Ірі кәсіпкерлік субъектілері: "Рыбпром" ЖШС (Алматы облысы);
– Орта кәсіпкерлік субъектілері: "БИЖАН" ет өңдеу кешені" ЖШС (Алматы);
– Шағын кәсіпкерлік субъектілері: "Гормолзавод" ЖШС (Ақмола облысы);