5-10 маусымда "Дәулет" спорт комбинатында бокстан VI халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Президент Кубогы бәйгеге қойылатын халықаралық додаға Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Тайланд, Түркіменстан, Өзбекстан, АҚШ және Қазақстан сияқты 15 елдің 170 былғары қолғап шеберлері қатысады деп күтілуде. Олардың 130-і – ерлер, 40-ы – әйелдер.
Боксшылар 10 салмақ санатында, әйелдер 4 салмақ санатында сайысқа түседі.
Соңғы сайыстар 10 маусымда өтпек. Жекпе-жектерді тікелей эфирде 6 маусымда QAZSPORT телеарнасы мен KFB.KZ. сайтынан көруге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу