ҚР президенттігіне кандидаттардың есімін білесіз бе

1215

Елімізде ҚР президенттігіне үміткерлерді ұсыну кезеңі аяқталды.

ҚР президенттігіне кандидаттардың есімін білесіз бе

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент тыс  сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындылары бойынша отырыс өткізді. Отырыста қаулының жобасы қаралды. 

Қаулы жобасымен ОСК төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров таныстырды.

Оның айтуынша  сәуірге дейін Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестік: оның ішінде төрт саяси партия заңнамада белгіленген құжаттарды ұсынып үлгерген.

1. Түгел Сәді-Бек

 2019 жылы 17 сәуірде "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

2. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

2019 жылғы 23 сәуірде "Nur Otan" партиясы ұсынған.

3. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы

2019 жылғы 24 сәуірде "Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.

4. Еспаева Дания Мәдиқызы

2019 жылғы 25 сәуірде "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған.

5. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы

2019 жылғы 25 сәуірде "Ауыл" халықтық – демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

6. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы

"Қазақстан коммунистік халық партиясы" қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

7. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы

"Ұлт тағдыры" біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

8. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы

"Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінен 2019 жылдың 27 сәуірінде ұсынылды.

9. Әлиев Жұматай

"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі атынан 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігі анықталған төрт кандидат қол жинауды бастады. 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 118 140 қол жиналуы қажет.

Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.

Кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырда сағат 18-00-ге дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу