ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сәді-Бек Түгелді ҚР президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ОСК баспасөз қызметі.
Қаулы жобасы туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы Мельдешов айтты.
Кандидаттыққа "Ұлы Дала Қырандары" қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігі атынан ұсынылған Сәді-Бек Түгел "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңның талаптарына сәйкес деп танылып, азаматтардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілген.
Сәді-Бек Түгелдің қолдауына Қазақстанның барлық 15 өңірінен 122 102 қол жиналған.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына дауыс беріп, құжат бірауыздан қабылданды. Сәді-Бек Түгелге тиісті куәлік табыс етілді.