Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қазақстандық Даир Сағдиевтің қайтыс болғандығы туралы ақпаратты тексеруде. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды КазТаг.
"Бізге бұл ақпарат келіп түскен жоқ. Қайтыс болған жігіттің тумалары мен жақындарының ешқайсысы да Вашигтондағы Қазақстан елшілігіне хабарласпаған. Біз қазір мән-жайды анықтап жатырмыз", - деді Әнуар Жайнақов дүйсенбіде.
Еске салсақ, Лос-Анджелстегі Калифорния университетінде оқитын қазақстандық Даир Сағдиевтің (UCLA) қаза болғаны туралы оның танысы хабарлаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу