ҚР СІМ: АҚШ-тағы қанды оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ

860

ҚР СІМ: АҚШ-тағы қанды оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ

Нью-Йорктегі оқиғадан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз жетекшісі Әнуар Жайнақов фэйсбук желісінде хабарлады.

"Осы уақытқа дейін бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншіні басып кетуінің нəтижесінде қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда", - деп жазды Әнуар Жайнақов.
Еске сала кетсек, кеше Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншіні басып кетіп, артынан оқ жаудырған. Нәтижесінде 8 адам мерт болып, 12-ге жуығы жарақаттанған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу