ҚР СІМ: "Әл-Ула Декларациясына" қол қойылуын құптайды

844

​​Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі жарияланды.

ҚР СІМ: "Әл-Ула Декларациясына" қол қойылуын құптайды

"Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне мүше елдердің 41-ші саммиті барысында "Әл-Ула Декларациясына" қол қойылуын құптаймыз. Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Мысыр және Қатар Мемлекеті арасындағы қатынастардың жақсаруы осы елдердің бауырлас бірлігінің нығаюына және өңірдің одан әрі өркендеуіне қызмет етеді. Бұл қадам 2016 жылғы ИЫҰ-ның Ыстанбұлдағы саммитінде Қазақстан ұсынған Исламдық татуласу үрдісінің идеясына сай келеді",– деп жазылған СІМ-нің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Сондай-ақ Қазақстанның Таяу Шығыс өңіріндегі барлық елдермен әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға дайын екендігі атап өтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу