ҚР СІМ Анарбек Қарашаевтың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

750

ҚР СІМ Анарбек Қарашаевтың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ведомстваның бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашаевтың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ақпаратына байланысты, қазіргі кезде министрліктің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу шаралары жүргізілуде екенін растаймыз. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік саясатын ұстана отырып, сыртқы істер министрлігі тергеу іс-шараларына барынша қолдау көрсетеді. Тергеу мүдделеріне кесірін тигізбес үшін басқа түсініктеме жоқ", – делінген хабарламада. 

Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі Нұрлан Жахин СІМ бұрынғы жауапты хатшысы Қарашевтің аса ірі көлемде пара алғаны әшкереленгенін мәлімдеген болатын. 

"Жауапты лауазымды қызметті атқара отырып министрліктің ведомствалық бағынышты ұйымдарының басшылары Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанованың заңға қайшы әрекеттерін жасырып отырған. Бұл үшін Қарашев олардан 10 миллион теңгені құраған заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алған. Өз кезегінде Сәкенова, Нүрекенов, Жұмасанова қылмыстық схеманы ұйымдастыра отырып министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасаған және оларды кедергісіз қабылдау үшін кәсіпкерлерден 20 миллион теңгеден астам пара алған. Жалпы алты адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Соттың санкциясымен Қарашев пен Нүрекенов қамауға алынды. Сәкеноваға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылды", – деді Жахин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу