Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.
"Біз бұл шешімнің йемен халқына COVID-19 коронавирусының таралу салдарына қарсы тұруға көмектесетініне, сондай-ақ оқ атуды түбегейлі тоқтату үшін қажетті жағдай жасауда және Йемендегі жанжалды жан-жақты қамтылған саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздерді жандандыру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт артамыз", - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу