ҚР СІМ Атамбаевтың пікіріне байланысты келіспеушілік білдірді

958

ҚР СІМ Атамбаевтың пікіріне байланысты келіспеушілік білдірді

ҚР сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанның қырғыз елінің ішкі істеріне араласуы туралы айтқан пікіріне қатысты келіспеушілік білдірді. 

Атамбаев, Қазақстан билігін 15 қазанда өтетін президент сайлауы процесіне араласуына қатысты айыптады. 

"Біз Қырғызстан президенттігіне сайлау алды кезеңіндегі бұл тәрізді арандатушылық мәлімдемелер екі елдің арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен бауырластық қатынасқа өз кесірін тигізбейтініне сенімділік білдіреміз", — делінген СІМ хабарламасында.

Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынасты дамыту бағытын ұстанатыны да ерекше атап өтілді.

Атамбаевтың президенттік мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында аяқталады. Конституцияға сәйкес Атамбаев қайта сайлауға түсе алмайды. Атамбаевтың орнын басушы деп саналатын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясынан сайлауға түсетін үміткер Сооронбай Жәнібековтың негізгі қарсыласы 19 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен, елдің экс-премьері Өмірбек Бабанов болып табылады. Осы кездесуден кейін Қырғызстан СІМ Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне қарсылық нотасын жолдаған болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу