ҚР СІМ Ауғанстандағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

910

ҚР СІМ Ауғанстандағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

2018 жылғы 21,22 - сәуірде Ауғанстанда орын алған террористік әрекеттерге байланысты ҚР сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан 2018 жылғы 21-22 сәуірде Ауғанстанда орын алып, әйелдер мен балаларды қоса алғанда, көптеген бейбіт азаматтардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды.

"Көптен-көп зардап шеккен ауған халқы осы жолы ДАИШ жүзінде халықаралық терроризм тарапынан жүзеге асырылған және сайлаудың алдындағы Ауғанстандағы ахуалды тұрақсыздандыруға мақсат еткен арсыз және қатал әрекеттерге тап болды. Халықаралық террористік ұйымдар содырлары тарапынан жүзеге асырылған осындай әрекеттерінің Қабыл тарапынан елдегі ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағыттаған бастамаларына кедергі келтірмейтініне кәміл сенеміз", - делінген СІМ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, мәлімдемеде Қазақстанның терроризммен күресті толық қолдайтыны, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақыратыны айтылған.

Қазақстан қаза тапқандардың жанұялары мен жақындарына, Ауғанстанның халқы мен үкіметіне азалы көңіл білдіре отырып, жарақаттанғандардың тез арада сауығуын тілейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу