ҚР СІМ баспасөз қызметі Асылбек Мусиннің қазасына байланысты ақпарат берді

964

ҚР СІМ баспасөз қызметі Асылбек Мусиннің қазасына байланысты ақпарат берді

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов айтып берді президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының ұлы Асылбек Мусиннің Ригада қаза болуына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды sputniknews.kz. 
"Қазақстан азаматының қазасы бойынша Риганың полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғады, тергеу нәтижесінде өлімінің себебі анықталмақ. Кеше Ригаға жеткен марқұмның ағасы Қазақстан консулымен бірге сот-медициналық сараптама орталығына барып, Асылбек Мусиннің мәйітін көрді", - деді Жайнақов тілшілерге.
Сол елдің полициясының ақпараты бойынша, Асылбек Мусин 15-ші қабаттағы пәтер терезесінен 22 желтоқсаннан 23-іне қараған түні құлаған. Полиция істі 22 желтоқсанда 23:42-де тіркепті.
"Асылбек Мусин Қазақстан консулдығының тіркеуінде болмаған. Тағы бір деректер бойынша, ықтияр хаты бар", — деді Жайнақов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу