ҚР СІМ Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне алаңдаушылық білдірді

1672

ҚР Сыртқы істер министрлігі Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

ҚР СІМ Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне алаңдаушылық білдірді

"Шығыс Иерусалимдегі зорлық-зомбылықтың өршуіне және Палестина-Израиль қатынастарының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреміз.

Қалыптасқан жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытып, ахуалдың одан әрі нашарлауына әкелетін қадамдардан бас тартуы қажет.

Әл-Ақса мешітінің кешені төңірегінде арандатушылық әрекеттерден аулақ болуға және статус-квоны құрметтеуге шақырамыз.

Саяси, діни және қоғамдық көшбасшылар қасиетті Рамазан айында шиеленісті азайту үшін бар күшін салады деп үміттенеміз.

Қазақстан Палестина-Израиль қақтығысының тек "Екі мемлекет" формуласы және Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарлары негізінде бейбіт жолмен әділ шешілуін қолдайды", - делінген СІМ мәлімдемесінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу