ҚР СІМ инвестициялар комитетінің төрағасы тағайындалды

1099

Комитет төрағалығына Рустам Исатаев тағайындалды.

ҚР СІМ инвестициялар комитетінің төрағасы тағайындалды

Исатаев Рустам Маратұлы ҚР сыртқы істер министрлігі инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Рустам Исатаев 1986 жылы туған. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Дарэм университетін (Ұлыбритания) экономика мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бастаған. 2009-2012 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, келесі екі жыл ішінде Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді. Ол Астана әкімдігінің, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, сондай-ақ "Астана ЭКСПО-2017" ҰК "АҚ-ның қызметіне жетекшілік етті.

ҚР сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалуына дейін 2018 жылдың ақпанынан бастап 2019 жылдың тамызына дейін "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу