Иранның Исфахан провинциясында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды 24.kz.
Теһраннан Ясудж қаласына бет алған әуе көлігінің бортында 60 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Ұшақ иесі "Аземан Эйрлайнз" компаниясы олардың барлығы қаза тапқанын мәлімдеді. Ұшақ Семиром қаласына жақын жерге құлаған. Куәгерлердің айтуынша, әуе көлігі бір шаруа қожалығына жақын аумаққа қонуға әрекет жасаған. Қазір оқиға болған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу