Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады", – деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі үндеу жасады.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.