Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Елшілік барлық қазақстандықтан тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды", – деп жазылған үндеуде.
Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
- +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
- +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
- +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
- +7 700 111 31 96 (WhatsApp)
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу