ҚР СІМ қарулы қақтығыстарға кеткен азаматтардың санына қатысты ресми мәліметті жариялады

994

Қазіргі уақытта Сирияның өзінде ресми түрде 22 Қазақстан азаматы тіркелген. Олардың барлығы — консулдық қызметте тіркеуге тұрғандар. Соның ішінде 21-і — Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақстандық қыз-келіншектер

ҚР СІМ қарулы қақтығыстарға кеткен азаматтардың санына қатысты ресми мәліметті жариялады

Сирияда тұратын Қазақстанның 22 азаматы ресми түрде консулдық есепте тұр. Оның 21-і Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан әйелдер, ал біреуі сол елде жұмыс бабымен жүрген ер адам. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды kazislam.kz.

ҚР сыртқы істер министрілігі қарулы қақтығыстарға кеткен азаматтардың санына қатысты ресми мәліметті жариялады. Аталған статистика консулдық қызметтен түскен өтініштерге негізделіп отыр.

ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, бүгінде қарулы қақтығыстарға кеткен қазақстандықтарды және олардың туған-туыстарын қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Оларды елге қайтарудың сан алуан жолдары қаралуда. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі басқа да құзыреті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жасап жатыр. Себебі барлық ақпараттарды жан-жақты тексеру керек.

"Қазіргі кезде консулдық қызмет департаментіне 20-дан астам өтініш түсті. Соның ішінде қарулы қақтығыстарға кеткен азаматтардың өздері және олардың туған-туыстары жазған өтініштер бар",- деді Айбек Смадияров Астанада өткен баспасөз мәслихатында. Қазіргі уақытта Сирияның өзінде ресми түрде 22 Қазақстан азаматы тіркелген. Олардың барлығы — консулдық қызметте тіркеуге тұрғандар.

"Соның ішінде 21-і — Сирия азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақстандық қыз-келіншектер. Тағы бір адам — ер азамат. Ол жұмыс бабымен жүр. Қалған азаматтарға қатысты ақпарат жоқ. Себебі олар тіркеуге тұрмаған. Қазіргі кезде біз осы мәселемен айналысып жатырмыз", - деп атап көрсетті Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу