ҚР СІМ қазақстандық қыздың Қытайда кісі қолынан мерт болмағанын хабарлады

671

Сәуір айында Қытайда оқып жүрген 20 жастағы ҚР азаматшасы Сандира Серікханова қайтыс болған еді.

ҚР СІМ қазақстандық қыздың Қытайда кісі қолынан мерт болмағанын хабарлады

ҚР СІМ Қытайда қайтыс болған қазақ қызының өлімі жазатайым оқиға салдарынан болғанын хабарлады. Кісі өлтіру күдігі анықталмаған.

"Бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай елшілігінде С. Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті.  Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, С. Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Өткен кездесуде туған-туыстарына С.Серікханова қаза тапқан үйдің подъездінде орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді",– делінген СІМ хабарламасында.

Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталмаған.

Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін отанына әкелуге көмек көрсетіп, С.Серікханованың денесі 2 мамырда Пекиннен Нұр-Сұлтанға жеткізілген.

"Биылғы жылдың 22 мамырында қайтыс болған С.Серікханованың әкесі ҚР Шанхайдағы Бас консулдығына оның қызының қайтыс болуы туралы істі қайта қарауды сұрап, еліміздің дипломаттары ҚХР полициясына тиісті өтініш жолдап, нәтижесінде бұл істің қайта қаралуы басталған. Істі қайта қарау қорытындысы бойынша Қытай полициясы С.Серікханованың өлімі жазатайым оқиғасы салдарынан болғанын растады. Кісі өлтіру күдігі қайта анықталған жоқ",– деп түсінік берді СІМ.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті, 1999 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова құлап, қайтыс болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу