ҚР СІМ Қырғызстанға берілетін көмектің неге кешеуілдегенін түсіндірді

927

ҚР СІМ Қырғызстанға берілетін көмектің неге кешеуілдегенін түсіндірді

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қырғызстанға қаржы неге ертерек бөлінбегенін түсіндірді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан биылғы жылы шілдеде Қырғызстанға 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялаған еді. Алайда 23 қазанда Қырғыз Республикасының үкіметі экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күшін жоюды бастағанын Қазақстан тарапына хабарлап үлгерді.

Осыған байланысты, ҚР СІМ түсінік берді.

"Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шеңберінде Қазақстан тарапы Қырғыз үкіметіне өздері алған міндеттемелерді орындауға қажетті техникалық жәрдемді көрсетуге үнемі дайын болды. Қол қойылған құжаттар уақытылы ратификациядан өтті және бұл жәрдемнің бірінші траншын ағымдағы жылғы қараша айында жіберу жоспарланған еді. Аталған қаражатты бұдан ерте мерзімде бөлуге болар еді, алайда қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі созылып кетті", - дейді ҚР СІМ баспасөзінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу