ҚР СІМ: Қытайдағы этникалық қазақтардан түрлі мәселелер бойынша өтініштер жиіледі

1030

ҚР СІМ: Қытайдағы этникалық қазақтардан түрлі мәселелер бойынша өтініштер жиіледі

Қытай Халық Республикасындағы этникалық қазақтардың түрлі мәселелер бойынша өтініштерінің жиіленуіне байланысты Қазақстан және Қытай дипломатиялық ведомстволары қазақ диаспорасының мәселелерін талқылау үшін жүйелі түрде консультациялар өткізуде, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
27 қарашада ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов ҚХР елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет департаменті және Астанадағы ҚХР елшілігінің консулдық бөлім басшылығымен қазақ диаспорасына (ҚХР азаматтары) байланысты мәселелерді шешу жолындағы ынтымақтастық жөніндегі консультациялар өткізілді. 9 қарашада Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі (вице-министр) Ли Хуэйлаймен кездесті.
Биыл жыл соңына дейін ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді Үрімжі қаласына ҚХР Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданы және ҚХР ШҰАР сыртқы істер басқармасы басшылығымен кездесу мақсатымен, сондай-ақ ҚР СІМ паспорт және визалық қызмет инспекциясын жасау үшін жұмыс сапарымен барады.
Сонымен қатар, желтоқсанда сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдиновтың Бейжің қаласына күн тәртібінде ҚХР қазақ диаспорасының мәселелері қамтылатын ҚР-ҚХР Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің және екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар отырысын өткізу мақсатында жұмыс сапары жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу