ҚР СІМ қызметкерінен 1,5 миллион АҚШ доллары тәркіленді

1096

Ол қызметкерлерден пара алып, олардың заңға қарсы әрекеттерін жасырған. 

ҚР СІМ қызметкерінен 1,5 миллион АҚШ доллары тәркіленді

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты xатшысы Анарбек Қарашевтің үйін тінту кезінде 1,5 млн АҚШ доллары тәркіленген. Бұл туралы министрлік қызметкерлерімен өткен кездесу барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, Анарбек Қарашев өзіне қарасты Сәкенова, Нұрекенов және Жұмасанова сынды қызметкерлерден пара алып, олардың заңға қарсы әрекеттерін жасырған. Ал бұл үштік халықаралық деңгейдегі шараларды өткізген кәсіпкерлерден 28 млн теңгеден астам пара алғаны үшін жауапқа тартылып отыр. Бұдан бөлек, Қарашев өзінің жиенінің фирмасына асыра қолдау жасап келген. 

"Жарты жылда сыртқы істер министрлігінің аясында 75 мың мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Алайда оның 100 пайызы қағаз күйінде орындалған. Еліміздің барлық мемлекеттік органдарында сандық технология қарқынды дамып келе жатса, өкінішке орай сыртқы істер министрлігі осы бағытта айтарлықтай артта қалып келеді. Осылайша халықпен тікелей байланыс орнату арқылы, сыбайлас жемқорлық көрсеткіші өршиді. Сіздер осы мәселені мүмкіндігінше тездетіп түзетулеріңіз керек", - дейді ҚР МҚІ және СЖҚ іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу