Анықталған мәліметтерге қарағанда, Лас-Вегастағы атыста қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды Интерфакс.
Дүйсенбінің түнінде Лас-Вегаста белгісіз біреу қонақ үйдің 32 қабатынан концерт тамашалаған халыққа оқ жаудырған.
Соңғы мәлімет бойынша, Лас-Вегастағы атыстан 59 адам қаза тауып, 527 адам жараланған. Әзірге көпшілікке оқ жаудырған 64 жастағы Стивен Пэддоктің мұндай әрекетке не мақсатта барғаны белгісіз. Полиция өкілдерінің айтуынша, қастандық алдын ала жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу