ҚР СІМ мәлімдеме жасады

1155

АҚШ пен Ресей  Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа қатысуды тоқтатады.

ҚР СІМ мәлімдеме жасады

Қазақстанның АҚШ пен Ресейдің Орта және кіші қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа (бұдан әрі – ОКҚРШ) қатысуды тоқтату туралы шешімдеріне алаңдаулы. Бұл туралы СІМ мәлімдеме жасады.

"Қазақстан Республикасы ОКҚРШ мүшесі ретінде шарттың сақталуы мен барлық тараптармен мүлтіксіз орындалуын қолдайды, сондай-ақ тараптардың бірлескен күш-жігерлерімен ядролық қаруды таратуға қабілетті бар ракеталардың бүтін бір класын жоюға және Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) VI бабына сәйкес ядролық қарусыздануда елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Шарттың бірегей тарихи келісім ретінде бұлжымас құндылығын растайды", – делінген хабарламада.

Мәлімдемеде аталған шартты денонсациялау "жанталаса қарулануға" әкелетіні, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіретіні ескертілген. 

Қазақстан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2045 жылға орай ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге арналған жаһандық антиядролық бастамаларының өзектілігін ескере отырып, барлық тараптардың шарттың мүлтіксіз орындауын қолдайды.

"ОКҚРШ-ты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Шарттың шеңберіндегі Арнайы бақылау комиссияның қолданыстағы форматын қоса алғанда, барлық екіжақты және көпжақты тетіктер шеңберінде сындарлы келіссөздер арқылы мәселелерді шешу үшін АҚШ пен РФ-ты барлық қажетті күш-жігерді салуға шақырады", – делінген СІМ мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу