ҚР СІМ: Ресей мен Украинаға араағайындық жасауға дайынбыз

1678

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Ресей мен Украинаның Қазақстанда келіссөздер өткізуі туралы сөздеріне қосымша пікір білдірді.  

ҚР СІМ: Ресей мен Украинаға араағайындық жасауға дайынбыз

 "Бұл сұрақты министрге Женевада өтіп жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысы шеңберінде шетелдік ақпарат агенттігінің тілшісі қойған еді.

Оның толық дәйексөзі келесідей: "Әрине, адам шығыны үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Орыстар да, украиндер де біз үшін бауырлас халықтар екені түсінікті, сондықтан біз әрине алаңдаймыз. Өз тарапымыздан араағайындық қызметтерді пайдалану үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Мұны екі тарап та қажет деп тапса, біз келіссөздер алаңын ұсынуға әзір. Сонымен қатар, министр бұл мәселе бойынша әлі ешқандай келісім жоқ екенін айтты", – деді Айбек Смадияров.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу